Архат ауылдық округі С.Бекбосынов атындағы орта мектебіндегі іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстардың хабарламасы

Аталған қатынасқа сәйкес мектеп директоры бекітуімен арнайы жұмыс жоспары жасалынып, төмендегідей іс-шаралар атқарылды:

1.    Мектеп оқушылары сынып жетекшілерімен бірге жекелеме буындар бойынша әртүрлі түстегі спорттық үлгідегі формамен қатыстырылды. Мектептегі сыныбы жоқ мұғалімдер арнайы бірыңғай түстегі арнайы формамен ат салысты. Аталған топтар бойынша барлық қатысушылар дене шынықтыру жаттығуын дене шынықтыру пәні мұғалімі Шаянбаев А. басшылығымен жасады. Осы шараға 86 оқушы, 25 мұғалім  қатысты.

2.    Сызу-сурет пәні мұғалімі Оралғазыұлы С. ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» деген тақырыпта арнайы сурет байқауы өткізілді. Байқауға 12 оқушы қатысты.

3.    Дене шынықтыру пәні мұғалімі Берікбол С.Қ. ұйымдастыруымен командалық ойын ретінде волейболдан мектеп біріншілігі өткізілді. Біріншілікке 1 мұғалімдер командасы және 5 оқушылар командасы қатысты.

4.    Аталған шаралар бойынша жұмыстар қорытындыланып, апталық лездемеде арнайы марапаттау жұмыстары жоспар бойынша жүргізіледі.

Мектеп директоры:  Б.Тілеубай