Архат ауылдық округіндддегі С.Бекбосынов атындағы орта мектепте«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 9-14 сәуір аралағында «Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталлоны» тақырыбындағы апталық барысында өткен іс-шаралар туралы мәлімет

9 сәуір

1)Апталықтың басталуы – ертеңгілік «Рухани жаңғыру – Мәңгілік Елдің болашақ бағдары»

Аталған ертеңгілікте Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастауымен қолға алынған 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген 6 бағыт және 6басты жоба туралы қысқаша толыққанды мәлімет берілді.

2)Сыныптан тыс байқау «Елімнің жүрегі – Астана»Өткізген – Жанпеисова А.Н. 09.04.2018

Аталған байқау барысында Астана қаласының 20 жылдығына орай 6-8,10 сыныптар арасында топтық сайыс ретінде арнайы шарттар бойынша өткізілді. Шарттарды орындау барысында «Астана-бейбітшілік қаласы» бөлімі бойынша түрлі ұлттардың салт-дәстүрі насихатталса, «Астана- арман қала» бөлімінде ауылдан, мектептен, ауданнан шыққан Астана қаласында білім алған, қызмет жасап отырған адамдар туралы толыққанды мәлімет берілді, «Астана-мүмкіндіктер мекені» бөлімі бойынша Астана қаласының тарихы мен бүгінгі кескін-келбетіне байланысты 10 сұрақ қойылып, жауаптар қайтарылды, «Капитандар сайысы» бөлімі бойынша экраннан көрсетілген ғимарат пен мүсіндер атауын табу қажет болды.

Бас жүлде – 7 сынып (Қабдиқызы А.)

І орын – 6 сынып (Ибраева Ж.Қ.)

ІІ орын – 8 сынып (Орынбекова Ж.Қ.)

ІІІ орын – 10 сынып (Демеуова Ә.Т.)

3)Ашық тәрбие сағаты байқауы:

«Кітап-білім бұлағы» - 1 сынып; Өткізген: Тайтөлеуова Б.К. «100 жаңа оқулық» жобасы аясында кітап оқу, оны күту туралы оқушылардың жас ерекшелігіне сай мәліметтер беріліп, жан-жақты айтылды. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын иеленді.

«Ата салты-асыл қазына» - 3 сынып; өткізген – Медеуова М.Т. Рухан жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұлттық сананы қалыптастыру» бағыты бойынша ата-аналар қатысымен балаға қатысты салт-дәстүрлер насихатталды.

«Рухани жаңғырудың жарқын жолы-білімде» 4 сынып; өткізген – Тілеухан Г.Б.

Бағдарлама аясында «Білімнің салтанат құруы» бағытына сай  оқушыларға білім кеңістігін бағындыру жолындағы еңбек туралы насихат жұмыстары жүргізілді. Қорытынды бойынша – бас жүлде иеленді.

«Ұлттық салт – дәстүрлер-мақтанышым»-5 сынып; өткізген-Нығметжанова Г.Қ.

Ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды.

«Мұғалім – мектеп жүрегі» - 7 сынып; өткізген-Қабдиқызы А.

Бағдарлама аясында «Білімнің салтанат құруы» бағыты бойынша мұғалімдер еңбегі насихатталып, ұрпақ сабақтастығы ретінде кездесу түрінде өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша ІІ орын алды.

«Туған жер – тұнған тарих» - 8 сынып; өткізген-Орынбекова Ж.Қ.

Туған жер жобасы аясында ауыл тарихы туралы мәліметтер насихатталды.

«Ұлттық ойындар – халық мұрасы» - 9 сынып; өткізген – Елубаева Г.А.

Сынып оқушыларының қызығушылықтарын ескере отырып, атбегілік өнер туралы толыққанды, жан-жақты мәліметтер насихатталды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды иеленді.

«Шежірлер сыры»-10 сынып; өткізген – Демеуова Ә.Т.

Туған жер жобасы аясында жұмыстар қарастырылды.

«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» - 11 сынып; өткізген-Ибраева Ж.

4)Шығармашылық жоба байқауы. Тақырыбы: Ұлылықтың мекені. Мақсаты: Абай ауданының 90жылдығына орай ел тарихы, еңбек майталмандары, атаулы мерейтойлар, киелі жерлер, ел басқарған ағалар туралы ізденіс материалдары насихатталды.

І орын – 10 сынып

ІІ орын – 6 сынып

ІІІ орын – 7 сынып

5) Фото және жәдігерлер байқауы. Туған жердің табиғаты мен тарихын насихаттау, көненің көзіндей жәдігерлер мен оларды ұстаған иелері туралы мәліметтер жинақтау

6)Кітап оқушылар конференциясы «Шәкәрім – Ұлы Абайдың ізбасары»

Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы мен өмірі насихатталды.

Кітап оқушылар конференциясы «Шәкәрәм – Ұлы Абайдың ізбасары»

7)Кеш «Рухани жаңғыру-бабамның тарихы, болашақтың кемел жолы» Өткізген – Жанпеисова А.Н.

Кеш барысында О.Бөкейдің «Апамның астауы» шығармасы бойынша сахналық қойылым, иісі Тобықтының анасы саналатын Айпара ана монологы, Тоқтамыс батырдың жетінші ұрпағында сақталып отырылған туы, қылышы мен найзасы туралы бейнеролик (батыр ұрпағы Нұрымханова Айнұр Несіптайқызы ұсынған бейнематериалдар негізінде), қазақ зиялыларының өлеңдері және ауыл тарихына сай аңшылық өнерімен аты шыққан Құрманғали Берікболұлы ұрпағы 3 ғасырдан астам сақталған жәдігері және әке өнері жайлы Сиязбай Құрманғалиұлы, ауылдың атауына байланысты әкімшілік маманы Солтанғазы Төлеуғазыұлы Мұсағалиевпен, ауылда кездесетін таңбалы тастар туралы тарих пәні мұғалімі Қойбасарова Н.Б. сынды адамдармен кездесу өткізілді.

ДТІЖО: Жанпеисова А.Н.