Құрметті ардагерлер, ауыл тұрғындары!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңіс күні – бұл Отанымызға қалқан болған, қан майданда жан берісіп, жан алысқан, ел үшін отқа түскен хас батырларымыз бен ардақты ардагерлеріміздің арқасында қол жеткен мейрам. Ұлы Жеңіс – ағаларымыздың жанқиярлық ерліктері кейінгі ұрпақтарға өнеге. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да біз ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасаудамыз.    Әрқашан елімізде тыныштық болып, береке-бірлікте,  татулықта,  ынтымақта ғұмыр кешейік!

Баршаңызға мықты денсаулық,  ұзақ ғұмыр,  зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілейміз.

Абай ауданының әкімі Ж.Байсабыров

Аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Лдибаев