Тазалық жұмыстары

Ағымдағы жылы Абай ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай және ұлы философ, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы қарсаңында қастерлі өлкенің елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар  іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан әкімдігінің қаулысымен екі айлық  тазалық айлығы бекітілді. Сәуір айынан бастап әр жұма сенбілік күні болып белгіленіп, тазалық шарасына 14 техника жұмылдырылып, 300-ге жуық аудан тұрғындары қатысты. Сенбілікте «Риза» КМҚК-ның су тасымалдаушы, жүк тасымалдаушы көліктері қызмет көрсетіп, саябақтарда ағаш отырғызудан басқа қоқыс жинау, алаңдарды тазалау жұмыстарына ат салысты. Бүгінгі күнге дейін ауданымызда ұйымдастырылған сенбілік нәтижесінде 76 көше, 1221 үй ауласы, 30 саябақ тазаланып, 1487 м3 қоқыс шығарылды. Сенбілікке қатысқан адамдар саны 1167 адам.