9 мамыр – Жеңіс күні

2018 жылдың 9 мамыр күні Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шеру Қарауыл ауылындағы «Белгісіз солдат» ескерткішінің басында өтті.

Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы барлық қатысуышыларды мерекемен құттықтады.

Шеруге қатысушылар алаңға Ұлы Отан соғысына қатысқан өздерінің батыр аталарының суреттерімен келді.

Мерекеге арналған митинг Жеңіс алаңына соғыстан оралмаған батырларды еске алу мақсатында  құрмет гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

 

Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі