«Өшпес ерлік-ұрпаққа мұра»

Ағымдағы жылдың 8 мамыр күні Кеңгірбай би ауылдық округінде Жеңіс күніне арналған «Өшпес ерлік-ұрпаққа мұра» атты мерекелік кеш өтті. Кешке тыл ардагерлері, ауыл ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Кешті ауыл әкімі Д.Амангелдин құттықтау сөз сөйлеп ашып, жиынға қатысқан тыл ардагерлеріне сый-сияпат жасады.

Келесі болып сахна төріне Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Оразалы шығып аудан әкімінің ауыл халқына арналған құттықтауын жеткізді.

9-мамыр Жеңіс күніне арналған баяндама оқылып, мектеп оқушыларымен ұстаздарының мерекелік концертіне ұласты. Слайдтар көрсетілді. Патриоттық әндер шырқалды.

Кеш соңында ауыл әкімшілігінің тыл ардагерліне арналып жайған ақ дастархан дәм татып, ардерлер көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.