«Бір атаның баласы» футболдан жарыс болып оттi

Жуырда отан қорғаушылар күніне Абай ауданының Жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты және Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық құндылықтарды, отбасылық мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  «Бір атаның баласы» футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 9 команда қатысып, 1 орынды Исахановтар әулеті, 2 орынды Батырбаевтар әулеті және 3 орынды Жапаловтар әулеті жеңіп алды.