Камералдық бақылау – мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды жою және уақтылы ден қою шаралары ретінде

 ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент),  ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен көзделген құзыреттерге сәйкес, мемлекеттік сатып алуларға (конкурстарға, аукциондарға, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларға) камералық бақылау жүргізуді жалғастыруда.

Камералдық бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Камералдық бақылау жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 385 бұйрығына сәйкес Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына енгізілген соңғы өзгертулермен, 1 және 2 Қосымшаларда бұрын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі, мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылаудың элементтері, бұзушылықтарды жою тәсілдері бекітілді.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығына Департаментпен келесі бағыттар тұрғысында аукциондар/конкурстар лоттарын қарау қамтамасыз етілді:

- бірінші бағыт: 9511 лоттан 83685,9 млн. теңге сомасына 9451 лотты қарау қамтамасыз етілді, нәтижесінде 3620,07 млн. теңге сомасына 454 лот бойынша бұзушылықтар анықталды, сәйкесінше анықталған бұзушылықтарды жоюға 454 хабарлама шығарылды;

- екінші бағыт: 8951 лоттан 52626,9 млн. теңге сомасына 8819 лотты қарау қамтамасыз етілді, нәтижесінде 380,8 млн. теңге сомасына 130 лот бойынша бұзушылықтар анықталды, сәйкесінше анықталған бұзушылықтарды жоюға 130 хабарлама шығарылды;

- үшінші бағыт: 33856,6 млн. теңге сомасына барлық 556 лот қаралды, нәтижесінде 493,8 млн. теңге  сомасына 17 лот бойынша бұзушылықтар анықталды, сәйкесінше анықталған бұзушылықтарды жоюға 17 хабарлама шығарылды;

- төртінші бағыт: 18439,2 млн. теңге сомасына барлық 85 лот қаралды, нәтижесінде 9658,8 млн. теңге сомасына 57 лот бойынша бұзушылықтар анықталды, сәйкесінше анықталған бұзушылықтарды жоюға 57 хабарлама шығарылды.

Камералдық бақылау объектілерімен хабарламаларды мерзімінде орындау қамтамасыз етілді, соның ішінде келесі бағыттар бойынша:

- бірінші бағыт бойынша: 454 хабарламаның мерзімінде 451-і орындалды және мерзімі келмегендіктен 3 хабарлама орындалған жоқ;

- екінші бағыт бойынша: барлық 130 хабарлама мерзімінде орындалды;

- үшінші бағыт бойынша: 17 хабарламаның 15-і мерзімінде орындалды және  мерзімі келмегендіктен 2 хабарлама орындалған жоқ;

- төртінші бағыт бойынша: 57 хабарламаның 52-сі мерзімінде орындалды, 5-еуі орындалған жоқ, оның ішінде мерзімі келмегендіктен – 3 хабарлама, 2 хабарлама мерзімінде орындалмағандықтан, шығыс операцияларын тоқтату бойынша шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Департаментпен 4643,7 млн. теңге сомасына баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда 2529 лот қаралды, нәтижесінде 551,5 млн. теңге сомасына 347 лот бойынша бұзушылық анықталды.  Департаментпен 347 хабарлама жіберілді, оның ішінде есепті күнге 524,3 млн. теңгеге 340 хабарлама орындалды және мерзімі келмегендіктен 27,1 млн. теңгеге 7 хабарлама орындалған жоқ.

Камералдық бақылау аясында, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтарының жолын кесу бойынша дер кезінде шаралар қабылданғандықтан, 161,6 млн. теңгеден астам сомаға 729 тұлға әкімшілік айыппұлдан босатылды, ол мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету бойынша камералдық бақылаудың мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Сондай-ақ,  камералдық бақялау аясында, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 47 бабының 2 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау қамтамасыз етілді. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында  Департаментпен 800 өтініш қаралды, алайда 2017 жылдың ұқсас кезеңіне 664 өтініш қаралды.  Нәтижесінде 386 өтініш бойынша тұжырымдар толық көлемде немесе жартылай қанағаттандырылды, ал 414 өтініш бойынша тұжырымдарды қанағаттандырудан бас тартылды. Бұлар Департаменттің мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысын көрсетеді.