Абай ауданының «Сәлем» құрамасы екінші орынды иеленді

Алакөл жағалауында облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен биыл екінші жыл қатарынан «Алакөл алаулары»  атты фестиваль өтті. Іс-шараға 5 мыңнан астам турист қатысты. Оның ішінде Ресей, Қытай, Қырғызстан, Финляндия мемлекеттерінен келген туристер бар. Биылғы жылы демалыс аймағына ауқымды жұмыстар жүргізіліп, жаңартылған жағажай барлық қонақтар мен туристерді таң қалдырды. Фестивальдің ашылу салтанаты КТК ойынымен басталды. Оған облыстағы қалалар мен аудандардан келген командалар қатысты. Жастар Үржар ауданы әкімінің кубогы үшін бақ сынады. Қазылар алқасының шешімі бойынша Өскемен қаласының «Goold» командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды Абай ауданының «Сәлем» құрамасы алса, «Үржар жастары» командасы үздік үштіктің қатарын толықтырды. Фестивальдің жалғасы Семей қаласы мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.