Абай ауданы, Қарауыл ауылының тұрғындарының назарына!

Ағымдағы жылғы 11 қыркүйек күні күндізгі 09.00-ден 10.00-ге дейін электросиренаны іске қосу арқылы Абай ауданының құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

«Баршаның назарына» сиренасының дыбыс сигналы қазір маңызды ақпарат берілетіндігін білдіреді. Осыған байланысты қазіргі уақытта облысымыздың аудандық орталықтарында телерадио арналарға қосылудың техникалық мүмкіншілігінің болмауына байланысты тұрғындар үшін ақпарат  ШҚО ТЖД  ресми сайтында (www.vkogps.kz) және Абай ауданы әкімінің ресми сайтында (www.abay.vko.gov.kz) жарияланатын болды.

 

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД
Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.