Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тілдер шеруі» айлығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тіл - ұлт мақтанышы» атты рухани танымдық шара өтті

5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні және қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың туған күніне орай Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханада «Тіл - ұлт мақтанышы» атты рухани танымдық шара өткізді. Іс-шараға тіл жанашырлары мен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, «Нұр - Сана» салт-дәстүр орталығынан, жастар үйінен, білім бөлімі мен жергілікті БАҚ өкілі, Қарауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы және Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейінің оқушылары қатысты.

Кіріспе сөзді Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Оразалы ашып шараға қатысушыларды тіл мерекесімен құттықтап, өз тілегін білдірді. Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әйгерім Өсербай «Тіл - ұлт мақтанышы» атты баяндама жасап, ана тіліміздің қандай касиетті және тіліміздің құдіреттілігі туралы айта кетті.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Төлеубек Аманғазы тіл жанашырларын А.Байтұрсыновтың туған күнімен құттықтап, қазақ тілінің мәртебесі туралы өз ойын білдірді.  Ауданымыздағы «Нұр - Сана» салт-дәстүр орталығынан келген Сәкен Көпжанқызы «Ұлттық тіл және салт сана» атты баяндамасын жасап, өзінің аналық ақ жарма тілегін білдірді. «Үштілділік заман талабы» атты мақаласымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының сектор меңгерушісі Амангелдин Арнұр аудандық партияның тілге қатысты атқарылып жатқан іс-шараларымен таныстырып өтті.                                                                                                                                               

Жастар ресурстық орталығының директоры Сырым Жұмағали ауданымызда өтіп жатқан мәдени іс-шараларға жастарымыздың белсене қатысатындығы және жетістіктері туралы айта кетіп, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты баяндама жасады. Келесі баяндаманы аудандық білім бөлімінің әдіскері Имантай Бектөлеу мектептердегі үштілділік оқыту бағдарламасы және ана тіліміздің әлемдік аренада өзінің алатын орны туралы ойын білдірді. «Абай елі» газетінің директоры және бас редакторы Әсет Мырзақасым «Аbai eli»  газетінің графикасын латын қарпіне ауыстырып, латын әліпбиінің тарихы туралы айтып өтті. «Латын әліпбиі: Жаңғыру жазудан басталады» деген атпен баяндама жасап өткен Қарауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Несіпбаев келешек ұрпаққа латын қарпінің өмірімізде қандай қажет екенін түсіндіріп берді.

М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханасының әдіскері Әсия Битебаева қатысушыларды «Тіл – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Оразалы қорытынды сөз сөйлеп, осы шараның қатысушыларына алғыс айтып, сыйлықтар табыстады. Кешіміздің соңында қатысушылар естелік суретке түсті.