Батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлының құрметіне арналып спорт кешені мен ескерткіш ашылды

Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Абай ауданы, Құндызды ауылында батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлына арналған спорт кешені мен ескерткіш ашылған болатын. Ақтамберді жыраудың өлеңдерінен үзінділер оқылып, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Абай ауданының Құрметті азаматы», ақын Төлеген Жанғалиев «Бабаға» атты арнау өлеңін оқыды.

“Туған жерге тағзым” акциясы  аясында ашылған спорт кешені 50-ден аса балаға қызмет ете алады. Жас спортшыларға күрес жəне жаттығу залдары қарастырылған. Спорттық нысан заманауи боз кілем жəне спорттық құрылғылармен жарақталған. Ескерткіш пен спорт кешенінің ашылу рәсімнен  кейін «Бәйге төбе» басында жалғасқан батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлының құрметіне арналған «Ұрпаққа өсиет» атты  театрландырылған  көрініс пен мәдени шара ұлттық спорттық ойындарымен жалғасын тапты.