Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі базасында  футбол алаңы ашылды

Қазан айының 4 күні Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей жанынан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында футбол алаңы салтанатты түрде ашылды.

Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында жариялағандай біз дені сау және салауатты өмір салтын ұстанатын саналы азамат болып қалыптастыру.

Футбол алаңының ашылу салтанатына Абай ауданының әкімі Байсабыров Ж.Б., аудан әкімінің орынбасарлары Тәттібеков Б.Б., Еділбаев М.С., білім бөлімінің басшысы Скакова Б.Н.,  ауданымыздың ардагер ақсақалдары кеңесінің мүшелері, спорт ардагерлері, мектеп-лицейінің ардагер ұстаздары, «Абай елі», «Семей таңы» газетінен арнайы шақырылған қонақтар келіп қатысты. 

Футбол алаңының лентасын  Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы мен спорт ардагері Мұқанов Майдан Мұқанұлы қиып, салтанатты түрде ашылуын жасады. Мектеп-лицей ардагер ұстаздары арнайы футбол алыңының салтанатты түрде ашылуына шашуларын шашып,  ауылымыздың ардагерлер кеңесінің мүшесі  Манатай Толғанбайұлы батасын берді.

Футбол алаңының ашылуында мұғалімдер күніне орай аудандық кәсіподақ ұйымы және білім бөлімі, мектеп-лицейдің ұйыдастыруымен ауыл мұғалімдері арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Футбол алаңының ашылу салтанаты мектеп-лицей оқушыларының  шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.