Абай ауданы бойынша ветеринария қызметінің жұмысы

30.10.2018 жылы Абай аудандық әкімшілігінің ғимаратының акті залында аудан әкімінің орынбасары М.Еділбаев, аудан прокуроры С.Слямханов басшылығымен ауылшаруышылығында бос жерлерді игеру, тиімді пайдалану мақсатында жиын өткізілді.
Жиынға аудандық жер қатынастары бөлімі, ветеринария бөлімі, ШЖҚ «Абай ауданының ветеринариялық қызметі» КМК орынбасары, ветеринариялық пункт меңгерушілері мен малдәрігерлері, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында аудан прокуроры шаруа қожалықтары жерді кең көлемде жалға алғанымен тиімді пайдаланбауы туралы, сонымен қатар ауылшаруашылығы жануарларының жер көлеміне сай электрондық шаруашылық кітабына, ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына аз тіркелгені немесе мал бастарының мүлдем тіркелмеуі жердің игерілмеуіне себеп болып, бос жерлердің пайда болғандығы туралы сөз қозғады. Прокурорға ауыл әкімдері мен ветеринариялық дәрігерлер жер мәселесіне қатысты әртүрлі сұрақтар қойып, ұсыныстар, пікірлер білдіріп, жауап алып, ақпараттармен алмасты.
Аудан әкімінің орынбасары М.Еділбаев ауылдық округ әкімдеріне жерлерін игермей, пайдаланбаған шаруа қожалықтарының жетекшілеріне малдарын электрондық шаруашылық кітабына ветеринариялық дәрігерлердің АШЖБ дерекқорына тіркетіп, жер көлеміне сай сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізу туралы тапсырма берді.