1.Ауданда қанша Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) тіркелген?

Қазіргі таңда тіркелген, жұмыс істеп жатқан 5 ҮЕҰ бар, оның ішінде 2 – қайырымдылық қор. Олар: «Құнанбай қажы» қайрымдылық қоры, «Парыз» қоғамдық  қайырымдылық  қоры, Қазақ мәдени орталығы «Нұр Сана» қоғамдық бірлестігі, «Абай жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, Абай аудандық ардагерлер кеңесі.

2. Ауданда қанша Діни бірлестіктер бар?

Ауданда 6 діни бірлестік бар. Олар: «Құнанбай қажы атындағы  мешіт»(Қарауыл ауылы), «Қашым Қамабекұлы атындағы мешіт» (Көкбай ауылы), «Архат мешіті»(Архат ауылы), «Ералы атындағы мешіт» (Қасқабұлақ аулы), «Байтөлек қажы атындағы мешіт» (Құндызды ауылы), «Құрман атындағы мешіт»(Тоқтамыс ауылы) 

3. ҚР мемлекеттік рәміздерінің жай-күйіне  мониторинг жүргізілеме?

Ауданды арнайы құрылған комиссия мүшелері жылына 2 рет мониторинг жүргізеді.

4. Абай ауданы бойынша жастар саясаты саласында  қандай бағдараламалар іске асырылуда?

Абай ауданында жастар мәселелерімен тікелей айналысатын, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмыстарын «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды.
Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.

5. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын өңірлік БАҚ?

«Абай елі» газетті,бас редакторы-директоры – Ә.Мырзақасым. Шығарылымы айына 4 рет – 2200 дана