Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі мүшелеріне кандидаттар іріктеу конкурсы

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелері үшін үміткерлерді іріктеу комиссиясы мына мекенжай бойынша конкурс жариялайды: ҚР, Өскемен қаласы,Гоголь көшесі, 36 (ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, тел: 52-32-34, 52-32-33, 52-32-06), медициналық ұйымдағы байқау кеңесінің мүшесі лауазымына:

ШҚО ДСБ «Абай орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Көкбай көшесі,1,пошталық индексі 070100, тел: 8 (72252)9-14-17,9-21-13.

Осы кәсіпорындардың мақсаты 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарына байқау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптарға жоғары білімнің болуы, сондай-ақ келесі талаптар:

1)    денсаулық саласында он жылдан кем емес еңбек тәжірибесінің болуы;

2)    денсаулық сақтау саласында басшылық қызметінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары);

3)    қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастықтарына мүше болу.

Байқау кеңесінің мүшесі болып сайлана алмайтын тұлға:

1)    соттылығы өтелмеген немесе соттылығы шешілмеген тұлғалар;

2)    заңды тұлғаны банкрот деп жариялау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан астам мерзімге заңды тұлғаның басшысы болған;

3)    бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4)    байқау  кеңесінің мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен туыстығымен басқа да жақын қатынастары болса.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінішпен құжаттарды  берудің соңғы мерзімі  бұқаралық ақпарат құралдарындаға  хабарландырудың соңғы жарияланымынан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде анықталады.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдау басталатын күні, конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдарға құжаттар қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі - конкурсқа қатысушы) конкурс жарияланғанда көрсетілген мерзімде комиссияғакелесі құжаттарды ұсынады:

1)    конкурсқа қатысуға өтініш (кез келген нысанда);

2)     мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;

3)    өмірбаян (кез келген нысанда);

4)    кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5)    жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6)    еңбек кітапшасының нотариалдық куәландырылған көшірмесі (егер бар болса) немесе еңбек шарты немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесі;

7)    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген қылмыстық соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Абай орталық аудандық ауруханасы