Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өңірлік мәдени байланысты дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында Курчатов қаласында  «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің «Абай елі-руханият меккесі» атты концерті өтті

2018 жылдың 23 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өңірлік мәдени байланысты дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында Курчатов қаласында  «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің «Абай елі-руханият меккесі» атты концерті өтті.

Концерттік бағдарламада халық әндері, туған жерге, Отанға арналған патриоттық әндер шырқалды. Көрермендер ұлттық мәдениетімізді насихаттауға бағытталған  әр нөмірді ыстық ықыласпен қабылдады.

Курчатов қаласының әкімі Алмас Аманқолұлы концертті ұйымдастырушыларға және «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің шығармашылық ұжымына ризашылығын танытып, қала халқы атынан алғыс білдірді. Абай ауданының әкімі Ж.Байсабыровқа Алғыс хат тапсырып, құрмет көрсетті.