Спорт ардагерлері арасында «Арландар айқасы» атты қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты

24-25 қараша аралығында Талдықорған қаласында Спорт ардагерлері арасында «Арландар айқасы» атты қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Бұл чемпионатқа барлық облыстан 90-ға жуық спортшы ардагерлер бақ сынасты. Жарысқа ауданымыздан 4 спортшы қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ 35-39 жас аралықта III орын алған Рымбекұлы Нұрлат, II орын Аринов Қуаныш және I орын Конкеев Ерлан иеленді. 40-44 жас аралықта I орынды Абай атындағы жалпы орта мектеп лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Теміров Әбдрахман  және 45-50 жас аралықта I орынды Абай аудандық білім бөлімінің әдіскері Жарылғапов Мақсат иеленді.