Құрметті абай ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Әр жылдың 1 желтоқсанында елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Мұндай елеулі күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік салалар жаңғыртылуда. 
Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған салиқалы ішкі және сыртқы саясаты әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар заманауи, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етті.
Біз – қазақстандықтар өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілейміз.

Құрметпен,
Абай аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров
Аудандық маслихаттың хатшысы Е.А.Лдибаев