Қысқы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғындар суық ауа райына байланысты күнделікті өмірде электр қыздырғыштарын белсенді пайдаланады. Дегенмен, үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін зауыттық емес жылытқыштарды жиі пайдалану тек үйдің қауіпсіздігіне ғана емес, адамдардың өміріне де аса қауіпті. Тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану электр сымдарына жүктемені күртарттырып, салдарынан сым қосылымдарын да қысқа тұйықталу немесе ескі сымдардың жалындауына әкеліп соғады.

Адамдардың айтарлықтай бөлігі өз үйінде өрт пайда болмайды деп санайды. Дегенмен, өрт – соқыр апат немесеөлім құбылысы емес, өрт- адамның тікелей әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесі. Оны болдырмау үшін, күнделікті тұрмыста ең алдымен өрт қауіпсіздігі ережесін, электр құрылғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керек. Біріншіден, уақытында электр сымдарына тексеруді жүргізіп, розеткаларды, қосқыштарды, электр құрылғыларын жақсы күйде сақтаңыз. Шамдарды электрсымдарына іліп қоюға, электр сымдарын тұсқағазбен жабыстыруға, майлы бояумен бояуға және бір уақытта бірнеше розеткаға қосуға қатаң тыйым салынады.

Үйден шыққанда, тұрмыстық техниканы өшіріп, құрылғыны күту режимінде қосулы қалдырмаңыз. Бұдан басқа, жылыту маусымы кезеңінде қолданыстағы пештерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін еске түсіріңіз.

Қиындықты болдырмау үшін қыздыру пештерін қараусыз қалдырмаңыз және оларды қыздырмаңыз, пештерді тұтандыру үшін тез тұтанғыш және ыстық сұйықтықтарды қолданыңыз. Әр үйде өрт қаупі бар нысанол – пеш. Пештің жылуы әрқашан халық үшін, әсіресе ауылдық жерлерде көптеген мәселелерді тудырып отырады. Сондықтан, жылыту маусымына дейін барлық пештер жөнделіп, мұқият тексерілуі қажет.

Есіңізде болсын, өртің салдары сіздің «ұяңыздың» жөндеуімен теңестірілмейді. Пештерді және электржылытқыштарды пайдалану кезіндегі, көбінесе қайғылы жағдайға тудыратын өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтаңыз. Айта кететін жайт, пеш өрті екі топқа бөлінеді. Бірінші, пештің түтіні мен үй қабаттарының ағаш құрылымдары арасындағы арақашықтықтың жеткіліксіз болуынан пештің бұзылуы немесе пештің жұмысы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарлары өртке әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, пешті бензин, керосин және басқа да жылдам тұтанғыш сұйықтықтармен жылытудың соңы да өртпен аяқталады. Бұдан бөлек, пешті ашық есікте қыздырмаңыз, киімдерді, отын және басқа да материалдарды құрғатпаңыз. Жылыту аспаптары мен түтіндерінің беттерін жүйелі түрде шаң-тозаңнан тазалап отырыңыз. Жылыту маусымы кезінде пештегі ақаулар байқалса дереу жөндеңіз.

Естеріңізге сала кетейік: өзіңізді және жақындарыңызды өрттен қорғау үшін, темекі шегу әдетінен бір жола бас тартуға тырысыңыз, кереуетте жатып сөндірілмеген темекі қалдырмаңыз және кез-келген жағдайда еденге сіріңкелер мен темекі қалдықтарын тастаудан аулақ болыңыз.

Егер, өрт болған жағдайда, 101 нөмеріне, ұялы телефонынан 112 нөмеріне қоңырау шалыңыз.

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі