Мұғалімдер  біліктілігін арттыру туралы

Қазан- желтоқсан айларында 18 педагог, 2 әдіскер «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан қысқа мерзімді білім жетілдіру курсынан өтті. 22.10-16.11. және 19.11-14.12. аралығында Алматы, Астана  қаласында ШЖМ –тің 4 директоры деңгейлік курстан өтуде. 23 қазан күні «Жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды таныстыру, талқылау» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинарға әр мектептен 44 педагог қатысты. 26 қазанда  «Менің мектебім» аясында  жаңа модификациялық кабинеттерді қолдану курсынан 3 мұғалім өтті. 3 қараша күні ШЖМ мұғалімдері үшін диагностикалық тестілеуден 6 педагог өтті. 2-4 қараша күндері Семей қаласындағы Шәкерім университетіндегі тестілеу орталығынан өтініш берген 59 педагог біліктілікті арттыру тестілеуінен өтті.