ЖМЦ пәндерін ағылшынша оқыту туралы

Абай ауданы бойынша жаратылыстану пәндері бойынша 21 мұғалім курстан өтті. Қазіргі таңда пән мұғалімдері 2018 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап оқушыларға ағылшын тілі бойынша терминдік сөздерді пайдаланып сабақ беруде. 2018 жылдың қазан айының 08-25 күндері аралығында жаратылыстану пәндері бойынша 6 мұғалім ағылшын тілінен қайта даярлау біліктілік арттыру курсынан өтіп, Республикалық ТКТ емтиханын  19 желтоқсан күні тапсырады. Облыстық «Үздік информатика» пәні мұғалімдері арасында өткен конкурсқа ЖОББ Абай атындағы мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Мұратұлы Нұрхат қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. 27 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай ШҚО Білім басқармасының ұйымдастырумен «Қазақстан және тұлғаның тарихтағы ролі» тақырыбында ШҚО әкімі Д.К.Ахметовпен «диологтық алаң» форматында оқушылармен ашық сабақтың онлайн кездесуі өтті. Тікелей эфирде ЖОББ Абай атындағы мектеп-лицей базасында оқушыларымыз сұхбаттасып жақсы көңіл-күймен тарқасты.