2018 жылдың 21 қараша күні…

2018 жылдың 21 қараша күні «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің оқушылары арасында «Абай ұрпақтары» аудандық мүшәйра өтті.  Мүшәйраға 14 оқушы, 8 жетекші қатысты. Мүшәйраның бөлімдері:

1-кезең: «Жырым саған, туған тіл!». Үміткерлер өз шығармашылықтарынан ана тілі туралы өлеңдерін оқиды;

2-кезең: «Өлеңмен өрілген ой». Жас ақындар еркін тақырыпта жазған шығармаларын оқиды.

3-кезең: «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап». Қайым айтыс.

Әділ қазылардың шешімімен І орын 1 оқушы, ІІ орын 2 оқушы, ІІІ орын 2 оқушы марапатталды. Сонымен қатар, үш кезең бойынша 3 оқушы үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды және қатысқан барлық оқушыларға Алғыс хат табысталды.