«Қырық оба»

6 қазан күні ШҚО аумағында орналасқан, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген «Қырық оба» қорғанында оқушылармен археологиялық саяхат сабақ Гумилев атындағы университеттің археология және этнография факультетінің меңгерушісі Үмітқалиев Ұлан, Қазақ Ұлттық мұражай қызметкері Құрманғалиев Арман сабақ өткізді. Бұл сабаққа «Ш.Абенов атындағы орта мектебі»КММ-нің 31 оқушысы және 4 мұғалім қатысты. Осыған байланысты «Сыры мол туған өлкемнің» атты ғылыми –танымдық далалық семинарды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін «Ш.Абенов атындағы орта мектебі»КММ директордың тәрбие ісі меңгерушісі Байшеров Сұлтан  арнайы сертификатқа ие болды.