«Сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтің шекті деңгейлерін төмендету туралы»

ШЖҚ «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, 2018 жылдың 7 қарашасындағы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған Елбасы тапсырмаларын орындау туралы Хаттамасын  басшылыққа ала отырып, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің  2005 жыл 19 наурызындағы №91 НҚ бұйрығымен бекітілген, реттеліп ұсынылатын қызметтерге тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету Ережесіне сәйкес, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің  ШҚО бойынша департаменті ұсынылған материалдарды қарастырып, «Сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтің шекті деңгейлерін төмендету туралы» шығарған  2018 жылғы   7 желтоқсандағы  №50 бұйрығын жариялайды.

- 1 қаңтар 2019 жылдан бастап Қарауыл ауылы бойынша сумен жабдықтау қызметінің тарифі  3%-ға, яғни 7,61 теңгеге азайып- 245,96 теңгеге (ҚҚС-сыз), Қосылған құн салығымен- 275,48 теңгеге;

- 1 қаңтар 2019 жылдан бастап Қасқабұлақ, Медеу, Саржал, Көкбай, Кеңгірбай би, Құндызды, Тоқтамыс, Архат ауылдары бойынша сумен жабдықтау қызметінің тарифі 3%-ға, яғни 10,69 теңгеге азайып -345,58 теңгеге (ҚҚС-сыз), Қосылған құн салығымен – 387,05 теңгеге бекітілсін.