Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Аманғазиннің төрағалығымен қоғамдық кеңестің биылғы жылғы соңғы отырысы өтті.

Отырыста «Аудан бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы» аудандық төтенше жағдай және өрт сөндіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Тұрғали, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтар және оны жою, алдын алу бағытында жүргізілген іс шаралар туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Скакова, «Жастар арасындағы тәрбие мен жыл ішіндегі жастар орталығының жұмысы туралы» «Жастар ресурстары» орталығының маманы М.Ошақбаева есеп берді.

Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жасалған хабарламаларды тыңдап, бұл салада жыл ішінде бірқатар жұмыстардың атқарылғанын еске алып, сұрақтар қойып ортақ пікірге келіп, өз ұсыныстарын айтты.

Кеңес отырысында аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Қаридың «2019 жылға аудан бюджеті туралы» баяндамасы тыңдалып, оны алдағы сессия талқылауына ұсынуға келісім берілді.