Дзюдо күресінен 2006-2007 ж.ж. жасөспірімдер және 2004-2006 ж.т. қыздар арасында облыстық турнир болып өтті

Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде дзюдо күресінен 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер және 2004-2006 ж.т. қыздар арасында ҚР-нің Тұңғыш Президент күніне арналған облыстық турнир болып өтті. Бұл турнирда Абай ауданы құрама командасы жүлделі орындардан көрінді.Атап айтсақ, 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында:  26 келі салмақта АбдуллаевБекарыс (Әбенов о/м) I орын, Абдуллаев Темірлан (Әбенов о/м) II орын; 29 келі салмақта Сыпатаев Ерасыл (Әуезов о/м)  I орын, Болатбек Бекзат (Гимнзаия) II орын; 32 келі салмақта Наркенов Әділғазы (Лицей)  III орын; 38 келі салмақта Әкімбек Абзал (Әуезов о/м)  II орын; 42 келі салмақта Мақсатұлы Темірлан (Лицей) I орын, Болатов Әлимұхаметнұр (Гимназия) II орын; 46 келі салмақта Қалиханов Ерасыл (Лицей) I орын, Советқазы Абылайхан (Тоқжігітов о/м) III орын; 2004-2005 ж.т. қыздар арасында: 44 келі салмақта Болатқазы Лаула (Көкбай о/м) III орын; 48 келі салмақта Талапханова Диана (Әуезов о/м) I орын; Осы жарыста спортшыларымызды шыңдап, дайындаған «Абай ауданы бойынша БЖСМ» КММ-нің дзюдо бөлімінің жаттықтырушылары!