Республика чемпионатына жолдама алды

Ақсу қаласында бокстан 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында Солтүстік аймақтық Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Бұл жарыста Шығыс Қазақстан облысының атынан барған ауданымыздың спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ: 63 келі салмақта Шайкенов Еркебұлан (Шәкерім о/м)жүлделі III орын, 52 келі салмақта Сайлаубеков Айдар (Гимназия) жүлделі III орыннан көрінді. Осы спортшыларымыз қаңтар айының 20-сына жоспарланған Қазақстан Республикасының Чемпионатына жолдама алды. Бұл жарысқа спортшыларымызды шыңдап, дайындаған «Абай ауданы бойынша балалар, жасөспірімдер спорт мектебі бокс бөлімінің жаттықтырушыларының еңбегі ерекше екендігін айтып өткіміз келеді.