Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі туралы

2019 жылдың  қаңтар айының 3-6 күндері  ШҚО Білім басқармасының  «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық  орталығының ұйымдастыруымен   жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті. 730 оқушының ішінде Абай ауданынан  22 оқушы қатысып қайтты.  Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша 330 оқушы жеңімпаз болып табылды.  Абай ауданынан  төмендегі оқушылар жеңімпаз атанып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

1-орын:  Бимұратов Д. математика (Абай лицейі), Әкімбергенов И. физика (Абай лицейі);

2-орын: Сайлауғалиев Е. қазақ тілі мен әдебиеті (Шәкерім о/м);

3-орын:  Баймусин М. адам және қоғам (Көкбай о/м),  Уәлибекова П.  Тарих (Қарауыл гимназиясы),  Амангелдин Ш. химия (лицей), Манненова С. физика (лицей).

Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар  Абай мектеп лицейінің 11-сынып  оқушылары  Бимұратов Д. мен  Әкімбергенов И.  жаратылыстану-математика пәндері бойынша  наурыз айында  Ақтөбе қаласында  өтетін  Олимипиаданың республикалық кезеңіне қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

Жеңімпаздарды, ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!