Қадірлі жерлестер!

Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «1 наурыз – Алғыс айту күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Алғыс айту күнін мерекелеу «Мәңгілік Ел» идеясын, қазақстандық біртектілік пен ел бірлігін, ортақ тарихымызды нығайту мен дамытудағы қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос  өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп,  қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарына алғысымдызды білдіреміз! 

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын бүгінгі мереке құтты болсын!

Мәңгілік татулығымыз берекелі де, баянды, еліміздегі бірліктің көкжиегі кеңейе берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Мереке құтты болсын!

Абай ауданының  әкімі Ж.Байсабыров
Аудандық мәслихат хатшысы Е.Лдибаев