Бокс

Ақпан айының 19-23 аралығында Өскемен қаласында «Жекпе-жек» сарайында бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Шығыс Біріншілігі болып өтті. Бұл жарыста ауданымыздың намысын қорғаған былғары қолғап шеберлері үздіктердің қатарынан көрінді. Бұл жарысқа жалпы саны алыс-жақын аудандардан 225-ке жуық бала келді. Атап айтқанда 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында: 30 келі салмақта I орын Төлеубеков Абай (Көкбай о/м); 32 келі салмақта II орын Мақсұтов Ринат (Лицей); 36 келі салмақта I орын Ергенұлы Нұрбол (Лицей); 40 келі салмақта II орын Арашев Әлижан (Лицей); 46 келі салмақта I орын Қуатұлы Ербұлан (Лицей); 48 келі салмақта I орын Манатұлы Арнұр (Лицей); Осы спортшыларымыз Шығыс Қазақстан Облысының құрама командасына кіріп, 17-21 наурыз аралығында Алматы қаласында өтетін Шығыс Қазақстан аймақтық чемпионатына жолдама алды. Алдағы жарыстарына сәттілік тілеп, үздіктердің қатарынан болуларына тілектеспіз! Осы жарысқа спортшыларымызды шыңдап, дайындаған «Абай ауданы бойынша БЖСМ» КММ-нің бокс бөлімінің жаттықтырушылары!!!