Самбо күресі

2019 жылдың 21-25 ақпан аралығында Беларусь мемлекетінің Минск қаласында самбодан Әлем кубогі өтті. Осы әлемдік аренада еліміздің намысын қорғаған «Абай ауданы бойынша БЖСМ» КММ-нің дзюдо бөлімінің түлегі Жарқынбаев Руслан 82 келі салмақта Қазақстан Республикасының намысын қорғап, қола жүлдегері атанды. Осы жарыстың алдында палуанымыз Грузия елінде өткен оқу-жаттығу жиынына қатысып, дайындалды.  Қола жүлде үшін таласқа дейін Руслан 3 кездесу өткізді. 1-інші кездесуінде Гарват палуанымен шығып, оны қолды ауырту әдісімен жеңсе, 2-інші кездесуінде Украина палуаның 9:0 ірі есебімен ұтты. Ал 3-інші кездесуінде Грузия палуанына 3:1 есебімен жеңіліп, қола медаль үшін кездесуде Италия палуаныың уақытынан бұрын аяқты ауырту әдісімен жеңіске жетті. Самбодан 82 келі салмақта ҚР чемпионатының екі дүркін чемпионы, III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы (Қырғызстан) самбо күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері жерлесіміз Жарқынбаев Русланға алдағы байрақты бәсекелерде, халықаралық додаларда еліміздің көк туын желбіретіп, абыройын асқақта беруіне шын жүректен тілектеспіз!!!