Қазақстанның шығысында су тасқыны жағдайының қалай болатындығы ауа-райына байланысты болады

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгіннен бастап жергілікті атқарушы органмен бірлесіп өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша шаралар қабылдауда. Су тасқынына шалдыққыш аудандарда бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, қарапайым шаралар жүргізілуде. Бұл қарды шығару, бөгеттердің жағалауын бекіту жұмыстары. Мұз құрсауы байқалатын орындарда жақын арада жару жұмыстары жүргізілетін болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша облыста қар жинақталуда, бірақ та оның деңгейі норма шегінде. Топырақ қату деңгейі былтырғымен салыстырғанда азғана.

Су басуы ықтимал қаупі 74 елдімекенде сақталуда. Сонымен қатар өткізілген тасқын суға қарсы іс-шаралардан 14-нен қауіп алынып, 12 елдімекенге шағындалды.

Жедел ден қою үшін ІІМ ведомстволық бағынысты күштер мен құралдарынан 6 мобильді топ құрылды.

Мотопомпалар саны былтырғымен салыстырғанда үш есеге артты. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен техника, жарақта, құтқару құралдары сатып алынды.

Бүгінгі таңда ШҚО ТЖД күштері мен құралдарын 1000 адам құрайды. Қолда шамамен 300 бірлік өтімділігі жоғары техника, 60 шақты жүзу құралы бар.

Облыс аумағында 9 тікұшақ, «ШҚО әкімі аппаратының авиация бөлімшесі» 1 ұшағы мен «Қазавиақұтқару 1 тікұшағы бар.

Азаматтарға өз кезегінде үйлерінде қолға күрек алып тәртіп орнатып, қар тазалауы керек, алдын ала еріген суды бұрып қоюға қамданып, үй маңындағы арықтарда мұз бен қоқыстан тазалау қажет, бұл су өткізуді қамтамасыз етеді. Соныме қатар қолда бар материалдарды үйді қоршау үшін дайындар қою керек, бұл дегеніміз құм, топырақ салынған қаптар.

Су деңгейі жоғарылауды байқаған кезде дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.   

ШҚО ТЖД