Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылы аясында аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен волейболдан әйелдер арасында аудандық жарыс.

Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылы аясында және аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен волейболдан әйелдер арасында аудандық жарыс өткізілді. Абай ауданы әкімінің орынбасары Тәттібеков Бауыржан Болатұлы жарыстың ашылуына қатысып, жарыстың мақсатымен таныстырып спортшыларға сәттілік тілеп салтанатты түрде ашып берді. Құттықтау сөз ауданымыздың спорт ардагері Мұқанов Майдан ағамыз спортшыларды құттықтап сөз сөйледі.

Жарыстың мақсаты: Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылын атап өту, волейбол спортын аудан көлемінде дамыту және спортқа деген белсенділігі арқылы халықтың денсаулығын нығайту болып табылады.

Жарыс 2 топқа бөлініп өткізілді. әйелдер арасында өткен жарысқа 8 ауылдық округтердің командалары қатысты. Атап айтсақ: Саржал, Медеу, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ, Қарауыл, Архат, Көкбай және Құндазды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Нәтижесінде үздік ойынымен шеберлік танытқан төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды. I орынды Қарауыл ауылының командасы, II орынды Архат ауылының командасы, III орынды Қасқабұлақ ауылының командасы жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мадақтама грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта да сондай жарыстар жалғасын таба бермек.