Абай ауданында су тасқынға қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және Қарауыл ауылының № 49 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Абай ауданының аумағында 2019 жылдағы көктем кезеңіндегі су тасқынының алдын-алу бойынша күнделікті ескерту-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жүргізілген рейдтер барысында үй-үйді аралап, тұрғындарға тұрғын үйлерінің аулаларындағы жиналған қарларды тазарту және оны әкету, аулаға су жиналудың алдын алу жұмыстарын жүргізу ескертіліп, тасқынға қарсы іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туралы жазбаша хабарландыруларға үй иесінің қолы қойғызып таратылды.

 Ауылдың шет жағында орналасқан үйлердің тұрғындарына ерекше назар аударылды. Рейд жұмыстары басталғалы су тасқынының алдын алу бойынша 940 үй араланып 2472 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ бас маманы Е.Қ.Медеуқанов