Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 1 наурыздан 30 наурызға дейінгі мерзімде «Біздің міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен «Азаматтық қорғау айлығын» ұйымдастыруда

Аталған іс-шараның шеңберінде 1 наурыз күні Абай ауданының Саржал ауылындағы «Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ оқушыларына төтенше жағдайлар орын алған кездегі қауіпсіздік ережелері бойынша оқу жаттығу ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында дабыл беріліп эвакуация жүргізілді. Эвакуацияға жалпы 26 мұғалім, 205 оқушы камтылды.

5 наурыз күні аталған тақырыпта Архат ауылындағы «С.Бекбосыныв атындағы орта мектебі» КММ және Орда ауылындағы «Мамай орта мектебі» КММ оқушыларына   төтенше жағдайлар орын алған кездегі қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс оқылып, оқу жаттығу ұйымдастырылды. Оқу жаттығуға «С.Бекбосыныв атындағы орта мектебі» КММ 18 мұғалім, 109 оқушы камтылды. «Мамай орта мектебі» КММ 9 мұғалім, 38 оқушы қатыстырылды.

Іс шара негізінде Абай ауданының ТЖБ қызметкерлері оқушыларға Дүниежүзілік азаматтық қорғау күнінің тарихы және ұйымдастырылу мақсаты мен міндетін, тәрбиелік мәні түсіндіріліп, жалпы мағлұмат берді. 

Алдағы уақытта «Айлық» өткізу барысында  «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІ» шеңберінде әр түрлі ТЖ-да іс-әрекет жасау бойынша оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар  ұйымдастырылп, «Аудан әкімінің 2019 жылға бекіткен оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар Жоспарына» сәйкес авариялық оқиғалар бойынша оқу-жаттығулар өтеді. 

ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ бас маманы Е.Қ.Медеуқанов