«Сыйынар ем АНА деген тәңірге»      

Абай аудандық  орталық кітапхана мен Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсету бөлімшесінің» ұйымдастыруымен Абай аудандық орталық кітапханада  8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне» орай қызмет алушыларға «Сыйынар ем АНА деген тәңірге» атты ертеңгілік өтті.Ертеңгілікте әлеуметтік қызметкерлер «Бауырсақ» ертегісін койды.Балалар ән айтып, би билеп көңілдерін көтерді. Ата-аналар әлеуметтік қызметкерлерді мерекемен құттықтап,жылы лебіздерін  білдірді.  Демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер Кошкин Ержан, «Егүл» дүкенінің иесі Қырқымбай Ержан және  орталық аудандық кітапхана ұжымы апаларға сый-сыяпаттарын тапсырды.