Жақсылықтың жаршысы болған жас мемлекеттік қызметкерлер

Ауданымызда қайырымды да жаны ізгі жастар қатары мол. Аудан орталығындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларына көмек қолын созған жастардың  сауабы мол іске атсалысып жатқанының куәсі болып отырмыз. Солардың бір қатарында «Жақсылық жаса!» атты акциясы аясында қайырымдылық жасап жүрген жаны ізгі   ауданның жас млекеттік қызметкерлері де осы үдеден табылуда. Атап айтсақ, аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мұратов Бурхан Нұрланұлы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы-бөлімше жетекшісі  Камалов Нұрсұлтан Советұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Өсербай Айгерім Серікқазықызы, ауданның экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жеделғазин Ернұр Өлмесқұлұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Қайроллаев Әсет Жанатұлы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Оразбеков Нұрбол Ерсанаұлы көмекке мұқтаж жандарға, әлеуметтік аз қамтылған жандарға деген риясыз жанашырлықтарын көрсетіп, «Жастар жылында» жақсылықтың жаршысы бола білді.  Аудан жастарының қайырымдылық пен мейірімділікке толы акция шаралары әлі де жалғасын таба бермек.

Б.Б.ТӘТТІБЕКОВ, Аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі аудандық  уәкіл