XII ші Манарбек Сарсенбеков атындағы аудандық «Жас орындаушылар» байқауы

Жәнібек Карменов атындағы саз мектебінде, ауданымыздағы алғаш консерватория бітірген өнер иесі, өнегелі ұстаз, халық ағарту ісінің үздігі домбырашы, сазгер, әнші «Қаламқас» ән-би ансамбілінің белді мүшесі «Жеңіс туы» және басқада күйлердің авторы Манарбек Сарсенбеков.

Манарбек Сарсенбеков – 19 қаңтар 1951 жылы Семей облысы, Абай ауданы Қызылту  совхозы Сарғалдақ ауылында дүниеге келген. Семейдегі  М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде домбыра аспабын, және Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваториясын тәмәндаған.Жұбайы Қалима Махмерқызы  қазіргі таңда, мектебіміздің ардагер ұстазы, 4 баланың анасы, немерелерінің әжесі. Манарбек ағамен Қалима апайымыз  Қарауылдағы балалар саз мектебі 1971-1972 оқу жылында ашылса, 1973 жылы келіп еңбек жолын бастаған ұстаздарымыз. Алғашқы мектебіміздің кірпішін қалушыларының  бірі деп айтсақ артық етпес. Ол кісінің сүйіп айтатын әндері «Он алты қыз» , «Қызыл көйлек», «Жар» т.б әуендері көп еді. «Әнді сүйсең  менше сүй»- деп Абай атамыз айтқандай,өнерге жанашыр болған ұстаз 1995 жылы қалтарыста қалып бара жатқан дәстүрлі ән өнерін қолға алып, ән-домбыра сыныбын ашқан ұстаздың құрметіне биыл дәстүр бойынша XII ші Манарбек Сарсенбеков атындағы аудандық «Жас орындаушылар» байқауы 13  ақпанда болып өтті. 

Байқауға 30 оқушы қатысып,оның 5 еуі Облыстық байқауға жолдама алды. Атап айтсақ Айтқалиев Әлинұр (домбыра) ұстазы Қайралапов Асқарбек. Арқаш Жігер (домбыра) ұстазы Орынжанова Гүлмира. Жеңісқазықызы Баян (қобыз) ұстазы Искакова  Жұмағайша. Сайлаубекова Жанерке (домбыра) ұстазы Шакрукова Марал Көкбай саз филиалы. Дүйсенов Төлеутай (домбыра) ұстазы Әмірғазин Ернар Саржал саз филиалы. Облысық байқауданға қатысушы шәкірттерімізге сәттілік тілейміз. Манарбек Сәрсенбеков атындағы арнайы дипломмен марапатталған Қанатұлы Бейбарыс (флейта) 1 -орын ұстазы Сыздықов Ораз. Төлеубаева Анель (фортепиано) 2 –орынды иеленді.  Ұстазы Құрманғалиев Қуаныш.  Құндызды саз филиалының шәкірті  Айдынұлы Серікбол (бас домбыра) 1-орынды қанжығасына байлады,  ұстазы  Абылкасимов Нұрлан. Арқаш Ақжігіт 2-орын (домбыра), Тұрсынғазина Тоғжан 3-орын, ұстазы ұзақ жыл өнер саласында білім берген Қайралапова Жаңылдың еңбегі зор. Саржал саз филиалының шәкірті  Ахметқалиева Назым (прима қобыз) 1-орынды қанжығалады.  Ұстазы Ратаева Марал. Құндызды саз филиалының шәкірті Мұқанова Еркеназ (прима қобыз) 2-орын иеленді, ұстазы Исабаева Альмира. Сонымен қатар  Құндызды саз филиалынан  Еребек Ерсұлтан (домбыра) 2- орын, Жарылқасынов Дидар (домбыра) 3-орын ұстаздары Саветханұлы Елдос. Молдағалиева Назерке (ән-домбыра) 3-орын (жоғары топ), Шомақова Айым (ән-домбыра) 3- орын (кіші топ). Ұстаздары Қабышов Қайрат. Қасқабұлақ саз филиалынан Жеңісхан Диана 1-орын (ән домбыра) ұстазы Қабыланов Қанатқан. Мейрамғалиева Айзере (ән-домбыра) 2-орын, Спатаева Бағжан 3-орын, ұстаздары Шайхынабиев Оралхан. Нұрлыбекұлы Мұқағали 2-орын (домбыра) ұстазы Орынжанова Гүлмира. Саржал саз филиалының шәкірттері  Әбжасаров Дамир 3-орынмен  ұстазы Амирғазин Ернарды қуантты.  

Байқау соңында мектеп директоры Зағипа Айтқазықызы  «Ел есінде бір жыл қалғын келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» -деп халық даналығы айтқандай, мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осынау қастерлі мамандықтың иесі,  қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған,  әр оқушының бойынан өнерге деген талантын  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеуде еңбек етіп отырған ұстаздар қауымына болашақта еңбектеріне сәттілік тіледі.