Көкбай көгінде әуелеген әсем ән

Хакім Абайдың сүйікті шәкірті, ірі досы болған Көкбай ақын туған ауылдың түтіні қашанда түзу.

Берекесі мен мерекесі қатар жүретін Көкбай ауылының бүгінгі тірлігі ел сүйсінерліктей, жақсы жаңалықтар мен игі істер айтарлықтай. Ауылдың әр үйіне су келіп, көшелер түзеліп, фонар шамдар жарқырап, мәдениет, мектеп төңірегінде халық топтасып, ел тұрмысы рухани жағынан жаңарған түскен.

Биылғы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай «Ұлы дала ұлағаты» тақырыбымен өтіп жатқан өнер байқауы,  өнер дүлдүлдері, жерлестеріміз әйгілі актер анамыз Әмина Өмірзақованың 100 және әнімен Алаш баласын тамсандырған Жәнібектің 70 жылдық мерей тойына арналыпты.

Сол себептен де,Т.Жомартбаев атындағы халық театры мүшелері жерлесіміз, қаламгер, драматург Ә.Мырзақасымның, «Қайдасың Жәнібек, қайдасың?» атты драмасынан үзінді қойып, өнерлерін бастады.

Жас Жәнібектің оқудан шығып қалып, ауылда автоклубта жұмыс істеп жүрген кезде, қайта Алматыға шақырылу оқиғасын театр мүшелері мейлінше нанымды шығарды.

Әрі қоюшы режиссер, әрі Жәнібек ролінде ойнаушы Айқын Ақболатовтың шеберлігі мен спектакл мазмұнын ашудағы еңбегін айтқан жөн.

Сондай-ақ, Н.Таханов, Т.Серіков, Ә.Серғазин, Р.Серік, Е.Әбутаева, Ж.Жасаровалардың өнелері шынайы шықты.

А.Ақболатов, Н.Айтановалар сияқты сахнаны меңгерген жүргізушілердің өлең жырлары асқақ естіліп жатса фольклорлық ансамбль орындаған «Ерке сылқым» күйі оны тіпте шалқыта түсті.

Концертке ерекше нәр берген, киімдері сән берген билер болды. Әсіресе «Балауса» ясли-бақшасының тәрбиеленуші кішкентай бүлдіршіндердің орындауындағы «Қазақ биіне» сүйсінбеген, таң қалмаған жан болмады.

Сондай-ақ, осы бақша ұжымы бишілері орындаған «Корей биі» мен «Наз» бишілер тобының орындауындағы қазіргі заман биі «Буги -буги» өте сәтті шықты.

Өнер байқауында көрермендерге Айтановтар жан ұясы орындаған «Перзент парызы» әні орындау шеберлігімен ұнап жатса, жанұя отағасы Серік Айтанұлынан жары мен қызына гүл шоқтарын сыйлауы тіпті жарасып кетті.

Ел үлкендері аталарымыз бен апаларымыздың жарасымды киіммен, қаздай тізіліп ерекше құлшынысын Б.Жамақаев әндеріне поппури орындауы тіпті әсерлі, көңілге күй сыйлаған әуен болды. Қай істе болса да, ауыл намысы деп жүретін ерлі зайыпты Сәкен аға, Мәпруза тәте бастаған үлкендерге ылтипат ерекше болды.

Фольклорлық ансамлбль орындауындағы «Ауылың сенің іргелі», әншілер триосы Н.Таханов, А. Ақболатов, Ә.Сергазиндердің, «Угай-ай», қыздар тобы орындаған «Ертісім» әндері байқау талабына сай көрерменге жақсы әсер қалдырды.

Халық театры мүшелерінің тағы бір өнері «Етікші» әзіл қалжыны жиналған көрерменге де, әділ қазылар алқасына да ерекше ұнап, жақсы баға алған номер болды. Тағыда Айқын Ақболатовтың актерлік шеберлігіне ел тәнті болды.

30 жылдық тарихы бар «Әдемі-ау» эстрадалық ансамблінің жанды дауыста, асқан шеберлікпен концерт номерлерін сүйемелдеген еңбегі ерекше болды.

Ж.Қажыбек бастаған эстрада тобы «Тақиялы періште» фильмінен музыкалық әуен ойнап, бір сүйсінтті.

Бірыңғай, жарасымды киім киіп, «Мен елімнің ертеңімін» әнін асқақтата шырқатқан Көкбай орта мектебі оқушыларың хоры да үлкен патриоттық жігерді орындалды.

Байқау шартына сәйкес ұстаз бен шәкірт болып ән шырқаған  Қ.Аманғазықызы мен Б.Абзалқызының орындауындағы «Қазақстан-бақ Отаным» әні де ерекше шабытпен шырқалды.

Қарапайым еңбек адамы, әнін ел сыйлап, тыңдайтын А.Мұсамағанбетов шырқаған Е.Әділбаевтын «Әнің қайда Жәнібек?»пен Жәнібектің «Ойламаңдар жігіттер» әні де талай жүректі ойлантты.

Концерт соңы 70 адамдық хор шырқаған «Қазақстан елдің аты» әнімен аяқталды.

Қазылар алқасының мүшесі, аудан мәдениетінің басшысы Е.Оразалин өнер кешінің әр немеріне талдау жасап, баға беріп қатысушыларға, ел өнерін ұйымдастырып жүрген ауыл әкімі Ш.Жылқайдар мен мектеп директоры Ж.Жаукенге алғыс айтты.

Өнердің осындай жарқырап, жақсы көруіне бір жолғы концертке ғана 50 киім тіккен қол өнер шеберлері Ә.Төлегенова, А.Нұралина, А.Жұмағазықызы З. Әбілқасимова сияқты апайларымыздың еңбегіне мың алғыс айтамыз.

Берекесі мен бірлігі, мерекесімен тірлігі қатар өрілген Көкбайлықтар өнері жоғары деңгейден көрінді десе болады.