Құрметті жерлестер!

Сіздерді жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып табылатын Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті» қыры атты мақаласында айқындалған ұлы мақсаттарға жетуде ұлт пен ұлысты бір мақсатқа ұйыстыратын, бір мүддеге тоғыстыратын, ұлттық салт-санамызды жаңғыртатын – Әз Наурыз мерекесі.

Тәуелсіздікті ту етіп, елді бірлік пен ынтымаққа, адамгер­шілік пен имандылыққа үндей­тін жыл бастауы – Наурыз мейрамының татулығы жарасқан еліміз үшін маңызы ерекше. Бүкіл жаратылыс атаулы асыға күтетін бұл күн жыл сайын берекесі жарасқан Абай елінің жетістікке деген үйлесімді ұмтылысын арттырып, баянды болашаққа нық сеніммен жетелейді.

Тамырын тереңнен тартқан осынау көктемнің жаңару мерекесі бірлігімізді бекемдеп, татулығымызды нығайтып, риясыз куанышқа кенелте берсін. Ұлтымыздың мерейін асқақтатып, бар болмысымызды айшықтай түсетін Әз Наурыз – дамудың даңғыл жолымен жүріп келе жатқан елімізге жаңа жетістіктер әкелсін.

Ардақты ағайын!

Мерейлі мерекеге орай Сіздерге мықты денсаулық, жемісті еңбек, әр шаңыраққа ынтымақ пен шаттық, бақыт пен молшылық тілейміз. Асыл армандарыңыз бен ақ тілектеріңіз орындалсын.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Аудан әкімі Ж. Байсабыров

Аудандық мәслихат хатшысы Е. Лдибаев