Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылы аясында аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен футболдан ересектер арасында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен аудандық жарыс

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылы аясында және аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен футболдан ересектер арасында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен аудандық жарыс өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары және Әдеп жөніндегі уәкіл Тәттібеков Бауыржан Болатұлы жарыстың ашылуына қатысып спортшыларға сәттілік тілеп ашып берді. Жарыстың мақсаты: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылын атап өту, футбол спортын аудан көлемінде дамыту және спортқа деген белсенділігі арқылы халықтың денсаулығын нығайту болып табылады.

Жарыс 2 топқа бөлініп өткізілді. Ересектер арасында өткен жарысқа 8 ауылдық округтердің командалары қатысты. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Нәтижесінде үздік ойынымен шеберлік танытқан төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды. I орынды Қарауыл ауылының командасы, II орынды Қасқабұлақ ауылының командасы, III орынды Архат ауылының командасы жеңіп алды.

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі  өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын кең тараған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында асық ату дәстүрлі ойынынан жарыс өтті. Жарыс жеңімпаздары грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта да сондай жарыстар жалғасын таба бермек.

Сонымен қатар, аз қамтылған, әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдеріне Наурыз мерекесі қарсаңында азық-түліктей көмек көрсетіліп, дастархан жайылды. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер тарапынан осындай игі іс-шаралар жалғасын таба бермек.

Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Тәттібеков