Қоқыстарды өртегенде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!

Өрт бүгінгі күнге дейін ең қорқынышты апаттың бірі болып табылады. Қөктемнің жылы күндерінің шығуымен ауыл тұрғындары жеке тұрғын аулаларына, ұйымдардың аумағына және көшелерде белсенді жинастыру жұмыстарын бастайды.

Арнайы қашықтатылмаған жерлерде от жағу, қалдықтар мен қоқыстарды өртеу қауіптілігі жоғары ма? Мағлұматсыз көпшілікте осы сұрақ таң қалуын туғызады: «Қандай өрт қауіптілік? Барлығы өз қоқыстарын өртейді ғой! Соңында тұрғын халық мыс сақадай-сай! Кез келген жануларды өз күшімен сөндіруге дайынбыз!». Бірақ көбі қателеседі.

Жаңғыш материалдардан салынған құрыстырдың маңындағы бақылаусыз жанып жатқан қалдықтар мен қоқыстар, олардан шыққан шоқтар, бір кішкентай жел соқса, құрылыстарға қауіп төндіріп, өрт пен материалдық шығынға келтіреді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23.06. № 439 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің 250, 261 тармақтарына сәйкес - Өртке қарсы үзіктер шегіндегі елді мекендер мен ұйымдардың аймақтары уақытын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, құрғақ шөптен және басқа жанғыш материалдардан тазартылуы тиіс. От жағу, қалдықтар мен қоқыстарды, ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан 50 м кем болмайтын арақашықтықта іске асырылуы тиіс. Қалдықтар мен қоқыстарды, ыдыстарды осы мақсат үшін арнайы қашықтатылған жерлерде өртеу қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамының бақылауымен жүргізілуі керек.

Тұтануға жол бермеу, сонымен қатар меншікті өрттен қорғау, қалдықтар мен қоқыстарды арнайы жерге шығару – біздің жалпы міндетіміз, сондықтан оны орындауымыз қажет!

 

ШҚО ТЖД Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі