Хабарландыру

Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес яғни «Азаматтарды әскери – техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауда» денсаулығы бойынша әскер қатарына жарамды, оның ішінде әскерге шақырудан кейінге қалдырылған 24-27 жас аралығындағы азаматтарды әскери – техникалық мектебіне оқуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасының «Әскери – техникалық мектебі» басшылығының қарауымен ақылы оқитын үміткерлердің және ата –аналарының, қаржы жағдайының қиыншылығына байланысты оқу ақысын бөліп төлеу жөнінде, тілектері ескеріліп, қортындысында алғашқы оқу ақысының алғашқы төлемі жалпы соманың 50 %, ал қалған төлемді оқу аяқталғанға дейін төленсін деген шартпен қанағаттандырылып шешім шығарылды. Аталған оқу Семей қаласындағы Әскери – техникалық мектебінде ақылы түрде жүргізіледі. Оқу мерзімі 1 ай 10 күн , оқу ақысы 263318 (екі жүз алпыс үш мың үш жүз он сегіз) теңгені құрайды. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін азаматтарды оқуға қабылдауды әр ай сайын жүргізу жоспарланып отыр.
Әскерге бара алмай жүрген, азаматтарға ақылы оқу арқылы әскери билет алып, әскери міндетті атануға және келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылуға мүмкіндіктері бар.
Оқуға баруға ниет білдірген, бірақ жұмыс істейтін азаматтар үшін аталған қаулыда жұмыс беруші оқуға барушыға оқу демалыстарын беруге міндетті екені де көрсетілген. Әрбір ата–ана өз баласының алған мамандығына байланысты жұмысқа орналасуы мен қоса әскери құжаты болғанын қалайды. Сондықтан денсаулығы жақсы, көкірегі ашық, әскердің дәмін татып, өзін туған жерінің қорғаушысымын деп білетін азаматтарды әскери –техникалық мектебіне оқуға шақырамыз. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар. Қосымша ақпарат алу үшін Қорғаныс бөліміне келіп жолығуға болады.
Байланыс телефоны 9-11-61