Самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып  өтті

Сәуір айының 5-7 күндері аралығында Семей қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Керей Қойшыбековке арналған самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып  өтті. Еліміздің 14 облысынан үздік деген палуандар келіп бақ сынасты. Бұл аталмыш жарыста жерлестеріміз үздіктердің қатарынан көрінді. Атап айтқанда 82 келі және +82 келі салмақта Жарқынбаев Руслан Қазақстан Республикасы Чемпионатының абсолюттік және 3 дүркін жеңімпазы атанды. 90 келі салмақта Сайлаубеков Тимур Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал әйелдер арасында 72 келі салмақта Бектасқызы Зере Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері атанса, дәл осы салмақта Жұматаева Талшын қола жүлдегері атанды!