Наурыз тойы «Көрісуден» басталды

«Үйде  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер көрсету бөлімшесінің» ұйымдастыруымен қызмет алушыларға  Жастар үйінде  «Наурыз-жыл басы» атты мерекелік іс-шара өтті.

«Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен , жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өріскен» демекші, Наурыз тойымыз  өкпе ренішті ұмытып, құшақ айқастырып татулық мерекесі «Көрісу» салт-дәстүрінен  басталды.Қонақ қыздарымыз «Наурыз», «Ұйғыр» билерін мың бұрала билеп әсем кешімізді жаңдандырса, Қанағат Айымгүл мен ата-ана Тұрғанова Арайлымның «Бәйге», «Бипыл»билері көрермендерді тәнті етті.Әншілеріміз Оразғалиева Балнұр «Көзіңнің мөлдірің-ай», «Қазақ қыздары», Дауленов Роллан мен ұстазы Әбеуова Амангүлдің «Гүлдерайым»,Өмірбеков Нұржанның «Дастархан»,Слямжанова Елдана «Туған жер » әндері өте  сәтті шығып, ел қошеметіне бөленді. «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесінің» меңгерушісі Қалдыбай  Венера  Бейсенғазықызы Наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. Барлығы кеш соңында мерекелік  дастарханға  жайғасты.Наурыз көжеден дәм татып, ескерткішке суретке түсті.