Даярлық тобындағы  «Наурыз мейрамы»

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қазыналарымыздың бірі-Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі  білімнің қарашаңырағы Абай мектеп-лицейінде де  тойланды.

 Наурыз мейрамы қарсаңында,  19 наурыз күні Абай мектеп лицейінің мектепалды даярлық  тобында топ мұғалімі - Оспанова Жанар Тасболатқызы және  ата-аналар ұйымының ұйымдастыруымен  (Од) Ұлыстың ұлы күніне арналған   «Қош  келдің, Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекеге сай безендірілген бөлме іші  көктемге сай көрнекіліктермен, ұлағатты сөздермен, ұлттық салт-дәстүр құрал-жабдықтарымен,  ұлттық тамақ түрлерінен жайылған ақ дастархан -бүгiнгi Наурыз мерекесiнің бiр айғағы болды. Топтың ата-аналары мен оқушылары, ұстаздардың көңiл күйлерi ерекше көтерiңкi. Кеш қазақтың бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтау  әнімен  басталды.  Кешті  жүргізуші Хабидулла Мадиярдың анасы- Гульмира Алимжанова болды.  Наурызда айтылатын тілектер, салт-дәстүрлер, би-әнмен кешіміз жалғасып, Ақ әжеміз, Арайжанның апасы   Айтжанова Бақтыгүл апа келген қонақтарға шашу шашып, қарсы алды. Манарбеков Расулдың  анасы -Қайырбаева Маржанның дайындаған жеті түрлі дәм салған, дәмі тіл үйірер Наурыз көжесінен  барлық адам дәм татты.

Ата-баба дәстүрiн ұлықтау, ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіру- бұл әр ата-ананың міндеті. Айтса айтқандай, мектепте өткен Наурыз мейрамы театрландырылған ұлттық ойын-сауық кешенiмен басталып та кеттi. Одан кейiн ұлттық киiм киген  оқушылар Наурызға арнаған өлең шумақтарын жатқа оқыды, «Қаражоға» биін нақышына келтіре орындады. Жоғары сынып оқушылары биші қыздардың орындауындағы «Қазақ биі»  мен «Аққу биін» тамсана тамашалады. Кеш қонақтары- Шәрбану Бекбатырова шәкірттері – ағайынды  Бекзат пен Гүлзат Адамғалиевтармен бірге домбыра мен қобыздың үндестіре «Ерке сылқым» күйін, «Есіңе мені алғайсың» әнін нақышына келтіре, тамылжыта шырқады. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арнап қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Наурыз тойымыздағы Тұсау кесер  рәсімін Бақтыгүл апа көпшілікке көркем көрсете білді. Осыдан соң дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Айсұлу Қазымбекқызының ұйымдастырған асық ату, арқан тарту, палуандар күресi, қыз қуу, теңге iлу тәрiздi ұлттық спорт ойындары өз мәресiне жеттi.

"Бiлiм негiзi — бастауышта" дегендей, мектепалды даярлық тобының ұстаздары Жанар Әділбекқызы мен Жанар Тасболатқызына Жаңа ғасыр ұрпағын тәрбиелеп жатқанына ата-аналар ұйымы өз ықылас, ниеттерін білдірді.«Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен Ділшат Нұрасылдың апасы– Мейраш апа батасын берді.
Наурыз мейрамының көңiлдi өтуiне, безендірілуіне ата-аналар да шын ықыласымен белсене қатысты. Атап айтсам, Жайлаубай Қазбектің анасы- Нәзигүл Абеноваға, Кәкітаева  Айзаданың анасы-Жаңыл Өміртаеваға, Хабидулла Мадиярдың анасы- Гүлмира Әлімжановаға, Бекенова Дарияның анасы- Мұсаханова Әселге  және ата-аналарға өз тарапымнан ризашылығымды білдіремін.

Абай мектеп лицейінің мектепалды даярлық  тобындағы Наурыз мейрамы осылайша көңiлдi мерекеге ұласып, көпшiлiктiң көңiлiнен шықты. Осының бәрi- жаңа тұрпатты елiмiздiң ертеңгi сәулеттi болашағына, ұрпағымызға тәлім-тәрбие болып табылады.