Доп додасында ауылдық спортшылар

Абай елінде волейбол, баскетбол спорт түрлерімен қоса футбол ойыны ерекше дамып, түрлі додаларда жерлестеріміз жеңіс мінберінен көрініп жүргені баршаға мәлім.

 13 ақпан күні Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылы аясында және аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен волейболдан ересектер арасында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен аудандық жарыс өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары және әдеп жөніндегі уәкіл Тәттібеков Бауыржан Болатұлы жарыстың ашылуына қатысып спортшыларға сәттілік тілеп ашып берді. Жарыстың мақсаты: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және 2019 жыл – жастар жылын атап өту, волейбол спортын аудан көлемінде дамыту және спортқа деген белсенділігі арқылы халықтың денсаулығын нығайту болып табылады.

Жарыс 2 топқа бөлініп өткізілді. Ересектер арасында өткен жарысқа 8 ауылдық округтердің командалары қатысты. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Нәтижесінде үздік ойынымен шеберлік танытқан төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды. I орынды Қарауыл ауылының командасы, II орынды Қасқабұлақ ауылының командасы, III орынды Архат ауылының командасы жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мадақтама грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта да сондай жарыстар жалғасын таба бермек.