Бильярдтан өткен біріншілік

Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бильярдтан Абай ауданының біріншілігі өтті.

Жарыстың мақсаты: бильярд ойынын аудан көлемінде дамыту және спортқа деген белсенділігі арқылы халықтың денсаулығын нығайту болып табылды. Жарысқа 10 адам қатысты. Қызықты және өте тартысты өткен бильярд ойынында I- орынды Аманбай Ұлан, II- орынды Мұхтар Төлегенұлы, III- орынды Сүлейменов Ернат, IV- орынды Емелбеков Бауыржан жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтау грамоталарымен және медальдармен марапатталды. Алдағы уақытта да осындай жарыстар жалғасын таба бермек