«Өгіз тартыс» өз мықтыларын анықтады

Қасиетті Жұма күні Әз Наурыз мерекесіне орай және "Жастар жылын " қолдау мақсатында Құнанбай қажы атындағы мешіттің  ауласында ұлттық ойындардан сайыстар өтті.

«Өгіз тартыс» ойыны үлкендер арасында және балалар арасында ұйымдастырылды. Бұл сайысты алғаш рет ұйымдастырып отырғандықтан қатысушылар саны да көп болды. Барлығы өз күштерін сынап көрді. Үлкендер арасында өзінің ептілігі мен күшінің арқасында 1- орынды Әйткенов Еркебұлан иеленді. 2- орынды Құсайын Қуандық иеленді. 3- орынды Жүнісжанов Бақыт иеленді. Балалар арасында 1-орынды Махмуд ұлы Мұхамедәли иеленсе, 2- орынды  Диас , 3 орынды  Берік ұлы Әлижан иеленді. "Күш атасын танымас" деп 32 кг Гір тасын көтеруден кілең мықтылар өз күштерін сынады. Бұл сайыста жүлделі 1- орынды Құсайын Қуандық иеленсе. 2- орынды Үркімбаев Айдос иеленді. 3 орынды  Сәрсекеев Рүстем иеленді. Жүлдегерлердің барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Наурыз тойы осылайша ұлттық спорт түрлерінен қазақ жігіттерінің бұлшық еттері бұл-бұлт ойнаған  мықтылығын, күштілігін паш етіп, дүйім жұртты сүйсінтті, сүйіндірді. Жарысты ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз.